Баласын таспен ұрып талдырған әкеге қатысты сот үкімі шықты

0
138

Ер адам баласының қыңқыл-сыңқылын көтере алмай, самайынан таспен ұрған.


Баласын таспен ұрып талдырған әкеге қатысты сот үкімі шықты

ERNUR.KZ. Алматыда төрт жарым жастағы ұлын ұрып талдырды деген күдікпен ұсталған әке Мұрат Асқароғлыға қатысты сот үкімі шықты, деп жазады ҚазАқпарат.

Мұрат Асқароғлы ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлімі 3-тармағымен («Дәрменсіз адамды өлтіруге оқталғаны үшін») және ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлімімен айыпты деп танылып, оған 5 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шықты.

Жазасын өтеу мерзімі 2018 жылдың 2 тамызынан, яғни ұсталған уақыттан бастап есептелді.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 16 шілде күні Одесская мен Брянская көшелерінің қиылысында болды. Тұрғындар тал түбінен төрт жарым жасар баланы тауып алған. Бала шала-жансар күйінде шұғыл ауруханаға жеткізіліп, ота жасалды. Алматы полициясы жантүршігерлік оқиғаға күдікті ретінде баланың әкесін ұстады.

Мұрат Асқароғлы өзінің кінәсін мойындап, қазақстандықтардан кешірім сұрады. Ер адам мастықтан есеңгіреп тұрғанда баласының қыңқыл-сыңқылын көтере алмай, таспен самайынан бір-ақ ұрған. Судья бұл істі тоқтатып, қайта тергеуге жіберген болатын. Биыл сәуірде іс қайта жалғасты.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет