«Бәленің бәрі Оңтүстіктен шығып отыр»: 22 жастағы жігітке 13 жастағы өз қарындасын зорлады деген айып тағылған (видео)

0
9 416

Мейіржан есімді жігітке «13 жасар қарындасын зорлады» деген айып тағылып отыр.


«Бәленің бәрі Оңтүстіктен шығып отыр»: 22 жастағы жігітке 13 жастағы өз қарындасын зорлады деген айып тағылған (видео)

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Жамбыл облысы Жаңатұрмыс ауылының 22 жастағы жігітке өзінің қарындасын зорлады деген айып тағылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ «КТК» телеарнасына сілтеме жасап.


Бұл оқиғаның мән-жайы КТК телеарнасының "Астарлы ақиқат" бағдарламасында мәлім болды. Аталған көрсетілімдегі ақпараттарға сүйенсек, Б. Әбдірахымов есімді кісінің марқұм болған бірінші әйелі асырап алған Мейіржан атты 22 жасар ұлына екінші әйелінің 13 жастағы қызын зорлады деген айып тағылып, қазір қамауда отыр. Ал, анасы болса, қызының құрсағындағы нәрестені жасанды түсік жолымен алдырып тастаған және «бұл істі сол Мейіржан жасады» деген айып тағуда.


Өз кезегінде, бұл сұмдыққа кімді кінәларын білмей дал болған әке темір тордың арғы жағында «Мен кінәлі емеспін» деп боздап отырған ұлының не айыпты, не кінәсіз екенін анықтау мақсатында «Астарлы ақиқат» бағдарламасының көмегіне жүгінген және ешкімге сенбейтінін айтты.


Сондай-ақ, Бейсенбай Әбдірахымовтың қарындасы бұл жағдайға қыздың анасын кінәлап отыр.

«Бұл әйел «бөтелкенің досы», бауырым оны айта алмай отырған шығар. Ол қыздарын үйден ертіп кетіп, 10 күн жоғалып ішкен кездері де болған. Қыздары да бәленің бәрін біліп отыр. Мүмкін ішіп жүргенде стақандас достары құртқан шығар оны. Міне, мынау жетім болғасын айдап жіберіп отыр, мойнына іліп жібермекші. Мен әділдік іздеп келіп отырмын», - дейді Б. Айнабекова.

Тиісінше, әйелінің ішіп жоғалып кететінін және оны іздеп тауып алатынын бағдарламаның кейіпкері де мойындады.


Сонымен қатар, Б.Әбдірахымов эфир барысында істі қарап жатқан тергеушілердің осындай бағдарламаға хабарлағанына қарсы болғанын және әйелін бағдарламаға жібермей қойғанын жеткізді. Оған қоса, кінәлі деп айып тағылған Мейіржанға тағайындалған қорғаушылар ешқандай жұмыс істеп жатқан жоқ екендігін де алға тартты.


Одан бөлек, осы бағдарлама барысында қоғам қайраткері Меруерт Әйтенова Мәжілісте қаралған мектеп оқушыларына сексология пәнін оқыту туралы ұсынысты қолдайтынын білдіріп, кәмелет жасқа толмаған балалардың зорлануына байланысты өз ойын айтты.

«Түшкірсең көршісі, бүкіл әулет, аула білетін Оңтүстіктен бәленің бәрі шығып отыр. Сол Оңтүстікте бәрі жасырын болған, жасырын болып келген. Кәзір бәрі азаннан кешке дейін жұмыста. Ол пәнді оқыту керек», - дейді Меруерт Әйтенова.


Айта кетейік, бағдарлама соңында шарасыз қалған әке білікті адвокат жалдауға және жасанды түсік жасалған шаранаға эксгумация жасап, «ДНК» сараптамасын тағайындауды, ақ-қарасын анықтауға көмек көрсетуді өтінді. Ендігі кезекте, оқиға КТК телеарнасы мен «Астарлы ақиқат» бағдарламасының бақылауында болады.