Балқаш ауруханасында 2 жасар бала көз жұмды

0
619

Оқиға қатысты тергеу жұмыстары басталды.


Балқаш ауруханасында 2 жасар бала көз жұмды

ERNUR.KZ. Балқаш ауруханасында 2 жасар бала көз жұмды. Сәбидің анасы бұған дәрігерлерді кінәлап отыр. Оқиғаның ақ қарасы тергеу жұмыстарынан кейін белгілі болмақ, деп жазады Azattyq Rýhy.

23 қазан күні әйел адам екі жасар ұлының қабағындағы ісігін дәрігерлерге көрсету үшін жергілікті аурухананың қабылдау бөліміне алып келген.

«Дәргерлер толық тексеріс жасап, анализдер алды. Алайда ешқандай патология анықтаған жоқ. Артынша үйге қайтарды. Мебдике менен ауруханаға жатқызудан бас тарту жөнінде қолхат жаздырып алды» - дейді Маргарита Ивлева.

Үйге келгеннен кейін арада бір сағаттай өткен соң баланың жағдайы нашарлай түскен. Қатты жылап, ерні көгере бастаған. Жедел жәрдем қызметі оларды балалар аурханасына жеткізіпті. Анализдер алынғаннан кейін, артынша қалалық аурухананың диагностикалық орталығына жөнелтілген.

«Дәргерлер ешқандай процедураларды жасаған жоқ. Мен қандай да бір шара қолдануды талап еткеннен кейін ғана баланы реанимация бөліміне алып кетті» - дейді қайғы жұтқан ана.

Ертесіне 24 қазан күні бүлдіршін реанимацияда көз жұмған. Алайда сол күні таңертең ғана дәрігерлер баланың жағдайы тұрақты, өміріне қауіп жоқ деп сендірген екен.

«Мен УЗИ-ға түсіруді өтіндім. Бірақ ақ халаттылар маған сенбі, жексенбі демалыс екенін айтты. Дүйсенбі күні жасауға уәде берді. Алайда ол күнге дейін балам қайтыс болды. Үш дәрігер шығып, қаралы хабарды жеткізді. Айтуыларынша қанты көтеріліп, миы ісініп кеткен» - дейді Маргарита Ивлева.

Баланың анасы ұлының бойында ешбір созылмалы аурудың болмағандығын айтады. «23 қазан күні баланы емдеп бастағанда мұндай жағдай болмас еді» дейді.

«Баланың анасы мен жақындарының қайғыларына ортақпыз. Оқиғаға қатысты қазіргі уақытта тергеу жұмыстары басталды. Нәтижесі мен сот-медициналық сараптамасының қорытындысы баланың анасына беріледі. Қызметтік тергеу объективті түрде жүргізіледі. Балаға медициналық көмек көрсетудегі заң бұзушылық фактілері анықталған жағдайда, аурухана қызметкерлері заңнамалық актілерге сәйкес жазаланады», - деді Балқаш қаласы орталық ауруханасының әкімшілігі.