​Балғынбек Имашев: "Инстаграмның Индюгі"

0
5 391

ERNUR.KZ. Желі қолданушылары айтыскерлер Балғынбек Имашев пен Айнұр Тұрсынбаеваның әзілдеріне тәнті болды.


​Балғынбек Имашев:

ERNUR.KZ. Желі қолданушылары айтыскерлер Балғынбек Имашев пен Айнұр Тұрсынбаеваның әзілдеріне тәнті болды, деп жазады Today kz.

"Бүгін – Қазақстан xалықтарының бірлігі күні. Осы мерекемен өзімнің өнердегі қарсыласым, өмірдегі ерсілесім, (ерсілі-қарсылы дегеннен шығады), дүниелік дұшпаным, ақыреттегі досым, Айтыстың Аққуы, Телевизияның Тырнасы, Инстаграмның Индюгі, Ақсуаттың Акуласы, Мойынқұмның Мысығы, Айдың Нұры, Майдың Гүлі, Байдың Жұбы – Айнұр Тұрсынбаеваны құттықтаймын!

Атыңнан айналайын, Айнурочка,
Сен – сары май, мен – піскен жай булочка.
Өмір бойы менімен айқасуға,
Сенен басқа шыдайды қай дурочка?"
– деді Балғынбек Имашев.

Бұған туған күнін тойлаған Айнұр "Братюха индюха, бүкіл жұртқа күлкі қылғаны несі. Сволыш, мысығы несі?" – деп жауап берді.

Ал желі қолданушылары Айнұрдан арнайы жауап күтетіндерін жазды.