Банк борышкерлерінің құқығын қорғайтын заң күшіне енді

0
622

Банктер мен микроқаржы ұйымдарына борышкерлердің мерзімі өткен берешегін өсіруіне жол берілмейді. Бұл жеке тұлғалардың ипотекалық қарыздары үшін қолданылады.


Банк борышкерлерінің құқығын қорғайтын заң күшіне енді

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылдың 31 желтоқсанында қол қойған Заң ережелері күшіне енді. Бұдан былай қарызды қайтару мерзімі 90 күннен кейін сыйақы есептеуге тыйым салынады, деп жазады inbusiness.kz.

"Банктер және банк қызметі туралы" Заңға түзетулер енгізілді, оған сәйкес кепіл беруші, оның жеке немесе заңды тұлға болуына қарамастан, егер ипотекалық қарыз бойынша орындалмаған міндеттемелер сомасы кепілмен қамтамасыз ету құнының 10%-ынан кем болған жағдайда, кепіл затын ауыстыруға құқылы.

Аталған норманың жеке кәсіпкерлерге берілетін несиелерге қатысы жоқ.