Банк қызметкерлерінің қалта телефондары бақылауға алынады

0
1 755

Жұмыстан босатылатын қызметкерлермен конфиденциалды ақпаратты жария етпеу туралы нұсқама жүргізіледі.


Банк қызметкерлерінің қалта телефондары бақылауға алынады
ҚР Ұлттық Банкі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды бекітті деп хабарлайды ERNUR.KZ қаржы регуляторының ресми сайтына сілтеме жасап.


Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптар тізімінде банктің, ұйымның ішкі құжаттарында белгіленген шектеулер, қызметкерлердің хабардар болуын қамтамасыз ету, Интернет желісіне, жедел хабарламалар қызметіне, бұлттық сервистерге, IP-телефонияға және сыртқы электрондық почтаға кіру рұқсаты бар қызметкерлердің санын азайту қарастырылған. Одан бөлек, пайдаланушылар санын және олардың интернет-ресурстарына кіруін шектеу, Интернетке, оның ішінде жедел хабарламалар қызметі, IP-телефония және сыртқы электрондық почта арқылы берілетін ақпаратты бақылау, Интернетке кіруді терминалдық сервер арқылы беру, желі сегменттерін бөлу, сыртқы электрондық почтаның мұрағатын жүргізу қаралған.

Жұмыстан босатылатын қызметкерлермен конфиденциалды ақпаратты жария етпеу туралы нұсқама жүргізіледі.