Бас бостандығынан айырылған адам банкроттыққа өтініш бере алады

0
529

Бас бостандығынан айырылған азаматтарға қатысты қандай да бір шектеулер заңнамада көзделмеген.


Бас бостандығынан айырылған адам банкроттыққа өтініш бере алады

ERNUR.KZ. ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов "Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң: іс жүзінде қалай жұмыс істейді" онлайн конференциясында біраз сұраққа жауап берді. Ол бас босандығынан айырылған адамның банкроттыққа өтініш беруі бойынша шектеу жоқ екенін айтты, деп жазады zakon.kz.

"Бас бостандығынан айырылған азаматтарға қатысты қандай да бір шектеулер заңнамада көзделмеген. Мысалы, қолхат жазу арқылы сотқа да жүгіне алады. Бірінші процедура бойынша ЭЦҚ арқылы өзі жүгіне алады. Ал сотты болса, қолхат арқылы соттық рәсімге де жүгіне алады", - деді Ержан Біржанов.

Айта кетейік, бұған дейін Қаржы вице-министрі ісі сотқа өтіп кеткен азамат банкроттыққа өтініш бере алатынын айтқан еді.