Бас ботаникалық баққа кіру билеттерінің құны көтерілді

0
1 024

Мамандар мұны әрбір келушінің төлеуі тиіс ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін төленетін салықтың өсуімен түсіндірді.


Бас ботаникалық баққа кіру билеттерінің құны көтерілді

Алматыда 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Бас ботаникалық баққа кіру билеттерінің құны көтерілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы бақшаның баспасөз қызметі 2024 жылдың 3 қаңтарында Instagram парақшасында мәлімдеді.

"Құрметті келушілер! 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Бас ботаникалық баққа бару үшін қосымша 24,20 теңге төлеу керек", - делінген ресми хабарламада.

Мамандар мұны әрбір келушінің төлеуі тиіс ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін төленетін салықтың өсіп, қазір 369,20 теңгені (2023 жылы – 345 теңге) құрап отырғанымен түсіндірді.

"Ботаникалық баққа баруға кіру билетінің құны (ересек – 505 теңге, зейнеткер мен мектеп – 158 теңге, студент – 340 теңге) және ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін салық кіреді".Алматы қаласы Бас ботаникалық бақтың баспасөз қызметі.

Енді ботаникалық баққа кірген кезде төлеу керек:

  • ересектерге – 874,20 теңге,
  • зейнеткерлер мен оқушыларға – 527,20 теңге,
  • студенттерге – 709,20 теңге.

2023 жылдың 14 желтоқсанында Алматы ботаникалық бағының әкімшілігі жылыжайға 8 жылу пистолетін сыйға тартқан еріктілерге және барлық қамқор жандарға алғысын білдірді.