Бас дәрігер әйелді көлігімен басып кетті (видео)

0
2 103

Көлік жүргізушісі әйелдің бағдаршамның қызыл түсі жанған кезде өткенін айтады.


Бас дәрігер әйелді көлігімен басып кетті (видео)

ERNUR.KZ. Орал қаласы «Жазира» аялдамасы маңындағы бағдаршамда әйел адамды көлік қағып кетті, деп жазады Мой ГОРОД порталы.

Оқиға 20 шілде күні таңғы уақытта Жәңгір хан көшесінде орын алған. 45 жастағы әйел адам бағдаршамнан өте бергенде «Nissan» көлігінің астына түскен.

«Біз ауылдағы үйлену тойына қонақ болып бара жатқанбыз. Осы жерден киім алуға тоқтадық. Ол жолдан өте бергенде осындай жағдай орын алды», - дейді көлік қаққан әйелдің туысы.

Көлік жүргізушісі әйел бағдаршамның қызыл түсі жанған кезде өткенін айтады.

«Мен бағдаршамда алдыңғы қатарда тұрдым. Қызыл түстен жасылға ауысқан кезде мен жүре бастадым. Мен адамдардың қызыл түске өтіп жатқанына таң қалдым. 1-2 секундтың ішінде ол менің капотымда жатты. Мен тежегішті басып үлгермедім. Машинаның жылдамдығы өте төмен еді, мен тіпті ештеңені түсінбей қалдым. Мен облыстағы ауруханалардың бірінің бас дәрігерімін.Конференцияға өзім келдім», - дейді көлік жүргізушісі.


Ақпараттар бойынша, көлік тізгінінде Теректі ауданы ауруханасының бас дәрігері болған.

Айта кетейік, әйел жедел жәрдеммен облыстық ауруханаға жеткізілген. Медициналық тексеру қорытындысы бойынша жәбірленушіден жабық бассүйек-ми ішкі жарақаты табылып отыр. Қазір науқас жағдайының ауырлығы орташа.

Оқиға орнында тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.