​Бас прокуратура 6 шілдеде заңсыз митингіге шыққандар "жазаланатынын" ескертті

0
156

6 шілдеде полиция қандай да бір заңсыз іс-әрекет болса, жолын кеседі.


​Бас прокуратура 6 шілдеде заңсыз митингіге шыққандар

ERNUR.KZ. Қазақстан Бас прокурорының орынбасары Болат Дембаев ел тұрғындарын 6 шілдеде митингіге қатыспауға шақырды. Оның үндеуі 4 шілдеде Бас прокуратура сайтында жарияланды.

Дембаевтың сөзінше, "әлеуметтік желілерде 6 шілдеде рұқсат етілмеген митингілерді ұйымдастыруға және қатысуға шақырған арандату жазбалар тарап жатыр".

Ол "бұл үгіт-насхиатты жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыруға әрі елдегі жағдайды тұрақсыздандыру әрекеті" деді. Дембаевтың сөзінше, 6 шілдеде полиция қандай да бір заңсыз іс-әрекет болса, жолын кеседі.

Бұл үндеу "экстремистік" деп танылып, Қазақстанда қызметіне тыйым салынған ҚДТ (Қазақстан демократиялық таңдауы қозғалысы - ред.) ұйымының жетекшісі, қуғындағы банкир Мұхтар Әблязовтың әлеуметтік желі арқылы тұрғындарды 6 шілде Астана күні (мереке Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күнімен тұспа-тұс келеді) митингіге шақырып жатқан сәтте жарияланды. Бұған дейін де Әблязов бірнеше рет халықты митингіне шақырған және сол кезде де бас прокуратура осындай мәлімдеме таратқан.

Нұрсұлтан Назарбаев биыл 79 жасқа толады.


Дереккөз: centralasian.org/a


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет