Бас прокуратура Болат Назарбаевтың «рейдерлік» ісі туралы айтты

0
508

Тергеуді қазір Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жүргізіп жатыр.


Бас прокуратура Болат Назарбаевтың «рейдерлік» ісі туралы айтты

ERNUR.KZ. Бұл туралы Бас Прокурорының орынбасары Әсет Шыңдалиев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты, деп жазады baq.kz.

Шынайы, дұрыс тергеу жүргізуіге прокуратура бар күшін салады. Тергеуді қазір Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жүргізіп жатыр. Олар алдымен барлық дәлелді жинауы керек, прокурор ол дәлелге объективті түрде баға береді. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Ол қандай істер бойынша тергеліп жатқанын мен заң бойынша айта алмаймын, - деді Шыңдалиев.

Брифинг барысында әріптесіміз «Almaty steklo» зауытын құрған кәсіпкер Әзім Абдуллаевтың Болат Назарбаевтың кәсібіне рейдерлік шабуыл жасап, тең жартысын иеленуіне қатысты арызын жеткізді.

Оның айтуынша, әйнек бөтелке, банкі шығаратын зауыт 2016 жылы ашылған, осы уақыттан бастап Болат Назарбаев Абдуллаевпен бірге жарғылық капиталдағы 50 пайызға ие.