Бас прокуратура Damumed-ті тексеретін болды

0
118

Тексеріс 28 тамызға дейін жүргізіледі.


Бас прокуратура Damumed-ті тексеретін болды

ERNUR.KZ. Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары Ерлан Байтұқбаев Damumed-тегі жалған мәліметтерге қатысты Бас прокуратура тексеріс жүргізетінін мәлімдеді, деп жазады Azattyq Rýhy.


«Медициналық қызмет туралы фальсификация болуы мүмкін деген күдікпен, жағдай Қауіпсіздік Кеңесінің бақылауына алынды. Кеңес хатшысы Әсет Исекешев Бас прокуратураға 28 тамызға дейін тексеру жүргізуді тапсырды. Тексеріс нәтижесі туралы қосымша хабарланады», - деді Ерлан Байтұқбаев.

Естеріңізге сала кетсек, алты айдың ішінде Damumed-ке енгізілген 75,5 млн теңгеге бағаланған 11 607 медициналық қызметтің халыққа көрсетілмегені белгілі болды.
Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет