Бас прокуратура қылмыс азайғанын мәлімдеді

0
603

Тергеуді қадағалау шеңберінде прокурорлар 57 адамға қатысты негізсіз қылмыстық қудалауды тоқтатқан.


Бас прокуратура қылмыс азайғанын мәлімдеді

ERNUR.KZ. Қазақстанда қылмыс деңгейі 15,2 пайызға (116 101 - 98 454) төмендеген, деп жазады tengrinews.kz.

Бұл деректің ішінде 4,1 пайызға (1 693 - 1 624) аса ауыр қылмыстар; 16,5 пайызға (31 128 - 25 990) ауыр қылмыстар; 17,9 пайызға (49 762 - 40 857) ауырлығы орташа қылмыстар; 9,8 пайызға (17 514 - 15 793) қатты ауыр емес қылмыстар төмендеген.

Тергеуді қадағалау шеңберінде прокурорлар 57 адамға қатысты негізсіз қылмыстық қудалауды тоқтатқан. Ал 671 адамды прокурорлар қызметтік үй-жайлар мен изоляторлардан босатты.

"Азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзу саны 14 пайызға қысқарды. 9 адам прокурорлар актісімен ақталды", - делінген хабарламада.