Бас прокурор: Дикий Арманның тобындағы 14 адам ұсталды

0
606

Қамалғандардың саны 766 күдікті. Көбі 30 жасқа дейінгі жұмыссыз, жоғары білімі жоқ жастар.


Бас прокурор: Дикий Арманның тобындағы 14 адам ұсталды

ERNUR.KZ. Бас прокурор Берік Асылов Қаңтар оқиғалары кезінде тергеліп жатқандар туралы статистикалық мәліметтерді жариялады, деп жазады Ulysmedia.kz.

«Қамалғандардың саны 766 күдікті. Көбі 30 жасқа дейінгі жұмыссыз, жоғары білімі жоқ жастар. Олардың ішінде 19-ы диструкивті ағымдарды ұстанатындар, 27-і адам – тыйым салынған экстремистік ұйымдарға жатады. 24-і – қылмыстық топ мүшелері, 113-і қылмыс жасағандар. Қылмыс жасағандардың қатарында бұрын кісі өлтіріп, ұрлық жасағандар бар. Мәселен, ұсталғандардың бірі - Дикий Арман атанып кеткен Арман Жұмагелдиев. Оның тобындағы 14 адам ұсталды. Мұндай адамдар еш нәрсені жоғалтам деп қорықпаған да.Олар оп-оңай әртүрлі қылмыстарға барған. Дүкендерді тонап, әкімшілік ғимараттарға шабуыл жасаған», - деді Берік Асылов мәжілісте.

Айта кетсек төменгі палатада күш құрылымдарының басшылары Қаңтар оқиғаларына байланысты депутаттар алдында есеп беріп жатыр.