Бас прокурор қаңтар оқиғасы кезінде азаматтардың басын кесу дерегі болды ма деген сұраққа жауап берді

0
600

2022 жылдың 7 қаңтарында сол кезде президент әкімшілігінде жұмыс істеген Дәурен Абаев "жас курсанттың басын кескен жағдай болғаны" туралы мәлімдеген еді.


Бас прокурор қаңтар оқиғасы кезінде азаматтардың басын кесу дерегі болды ма деген сұраққа жауап берді

ERNUR.KZ. Бас прокурор Берік Асылов қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде азаматтардың басын кесу дерегі болды ма деген сұраққа жауап берді, деп жазады stan.kz.

Мәжіліс отырысы кезінде журналистер Бас прокурордан қаңтар оқиғасында адамдардың басы кесілгені туралы қауесеттің қаншалықты шындыққа жанасатынын сұрады.

"Қаңтардағы оқиға 4-5 қаңтар аралығында басталды. Осы кездерде әртүрлі ақпарат, соның ішінде жалған ақпарат көп тарады. Елестетіп көріңізші, сегіз қала, іс жүзінде көптеген нысандар жанып жатыр, әкімдіктер жанып жатыр, әртүрлі ақпарат көздерінен әртүрлі хабарламалар, соның ішінде жалған ақпараттар келіп түсті. Сол себепті бас кесілді деген ақпаратты да тексердік. Бірақ тергеу барысында бұл дерек анықталмады", - деді Берік Асылов.

2022 жылдың 7 қаңтарында сол кезде президент әкімшілігінде жұмыс істеген Дәурен Абаев "жас курсанттың басын кескен жағдай болғаны" туралы мәлімдеген еді.