Бас санитар дәрігер қазақстандықтарға үндеу жолдады

0
518

Ерлан Қиясов ел тұрғындарын коронавирус кең тараған елдерге бармауға шақырды.


Бас санитар дәрігер қазақстандықтарға үндеу жолдады

Қазақстанның бас мемлекеттік санитария дәрігері Ерлан Қиясов шетелге баруды жоспарлап отырған қазақстандықтарға үндеу жолдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.


"Жақын арада COVID-19 бойынша эпидемиологиялық ахуалы нашар елдерге демалысты немесе өзге де сапарларды жоспарлаған бәріңізге мәлімдеме жасағым келеді.

Мен коронавирус инфекциясы кең тараған Үндістан, Түркия, сондай-ақ Еуропа, Латын Америкасы, Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне барудан бас тартуды сұраймын. Бұл елдерде күн сайын қауіпті індетті жұқтырғандар саны еселеп артып, антирекорд көрсеткіш көрсетіп жатыр.

Ғалымдар коронавирус инфекциясының жаңа штамдарының жұғу жылдамдығы өте жоғары және қоғамға, жалпы денсаулық сақтау жүйесіне қауіп төндіреді деп дабыл қақты.

Сондықтан демалысты кейінге қалдыруға кеңес беремін, өйткені бұл сіздің денсаулығыңыз ғана емес, сіздің жақындарыңыздың амандығы, ұлт денсаулығы екенін ұмытпаңыз", - делінген бас санитария дәрігерінің хабарламасында.


Бұған дейін ДДҰ коронавирустың жаңа штамы тез таралса, Үндістандағы жағдай әлемнің кез келген елінде болуы мүмкін деп ескерткен болатын.