Бас санитар дәрігер отбасылық іс-шараларға неге тыйым салынғанын түсіндірді

0
270

5 шілдеден бастап Қазақстанда ойын-сауық, спорт және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу шараларын өткізуге тыйым салынады.


Бас санитар дәрігер отбасылық іс-шараларға неге тыйым салынғанын түсіндірді

ERNUR.KZ. Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова күшейтілген карантин кезінде отбасылық іс-шараларға неге тыйым салынғанын түсіндірді, - деп хабарлайды tengrinews.kz.

"Егер біз отбасылық іс-шаралар туралы айтатын болсақ, онда біз қонақтар, көршілеріміз, жақын туыстарды шақыратын іс-шаралар туралы айтамыз. Яғни сізбен бірге өмір сүрмейтін адамдардың барлығын", - деді Есмагамбетова ОКҚ-да өткен брифингте.
Қазақстандағы қатаң карантин. Бас санитар дәрігердің қаулысы жарияланды

Сондай-ақ, ол жеке жаттығуға неге рұқсат берілгенін айтты.

"Бұл бір адамның ашық ауада спортпен айналысуы. Оған үш адамнан көп қатысса, ол ұжым жаттығуға айналады", - деді ол.

Еске салайық, 5 шілдеден бастап Қазақстанда ойын-сауық, спорт және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу шараларын өткізуге тыйым салынады.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет