Бас санитар дәрігер Vero Cell вакцинасына қатысты қаулыға қол қойды

0
461

Вакцина 18 жастан асқан азаматтарға арналған. Вакцина екі бөліктен тұрады, әрқайсында 0,5 мл өнім болады.


Бас санитар дәрігер Vero Cell вакцинасына қатысты қаулыға қол қойды

ERNUR.KZ. Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды, деп жазады sputnik.kz.

Құжатқа сәйкес, COVID-19-ға қарсы белсенділігі жойылған Sinopharm компаниясының Vero Cell вакцинасын қолданып, вакциналау жүргізуге рұқсат берілді.

Сондай-ақ бұл вакцинаның SARS-CoV-2, 19nCoV-CDC-Tan-HB02 штамынан жасалғаны, құрамында антибиотиктер мен консерванттар жоқ екені айтылған.

Вакцина 18 жастан асқан азаматтарға арналған. Вакцина екі бөліктен тұрады, әрқайсында 0,5 мл өнім болады. Екі бөлігін салдыру аралығы – 21-28 күн.

Вакцинаны кімге салдыруға болмайды:

  • Вакцинаның кез келген компонентіне аллергия болса;
  • вакцинаға аллергиялық реакциялар болса (жедел аллергиялық реакция, ангионевроздық ісіну, ентігу);
  • бақыланбайтын эпилепсия немесе жүйке жүйесінің басқа да үдемелі аурулары, сондай-ақ анамнезінде Гийен-Барре синдромы болса;
  • 18 жасқа толмаған адамдарға.
  • Егер вакцинадан кейін жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз реакциялар пайда болса, осы өнімді қайта пайдалануға тыйым салынады.
  • Вакцинаны қандай жағдайда сақтықпен қолдану қажет:
  • жедел ауруы, созылмалы аурулардың өршуі және қызбасы бар пациенттерге;
  • қант диабетімен ауыратын пациенттерге және анамнезінде немесе отбасы анамнезінде құрысулар, эпилепсия, энцефалопатия, психикалық аурулары бар пациенттерге;
  • вакцинаны бұлшықетке енгізу кезінде пайда болуы мүмкін қан кету қаупіне байланысты қанның ұюының бұзылуы және тромбоцитопения бар пациенттерге;
  • қатерлі ісік, нефроздық синдром, ЖИТС-пен ауыратын науқастар сияқты иммундық функциясы бұзылған пациенттерге сақтықпен қолдану керек.

Құжат 12 тамыздан бастап күшіне енді. Қаулының толық мәтінін мына жерден оқи аласыз.