Басқыншы наркодиспансерде есепте тұрған – Kaspi банк

0
2 133

Банк Астанадағы жағдай туралы түсінік берді.


Басқыншы наркодиспансерде есепте тұрған – Kaspi банк

ERNUR.KZ. Kaspi банк бөлімшесіндегі басқыншы наркодиспансерде есепте тұрған. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Банк Астанадағы жағдай туралы түсінік берді. Күзет бөлімі, нұсқаулық бойынша бірден дабыл түймесін іске қосқан, полиция оқиға орнына шұғыл жеткен.
"Кепілге алынғандарды босату операциясы 2 сағатқа созылып, сәтті аяқталды. Басқыншы ұсталды. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ер адам наркологиялық диспансерде есепте тұр", - делінген банк хабарламасында.
Банк сондай-ақ басқыншы кепілге алған қызметкерлердің әрқайсысына барлық қажетті көмек көрсетілетінін хабарлады.