Баспанадан мәжбүрлеп шығаруға мораторий енгізу ұсынылды

0
362

​Халық қалаулысы үйден мәжбүрлеп шығару адам құқығын өрескел бұзу екенін атап өтті.


Баспанадан мәжбүрлеп шығаруға мораторий енгізу ұсынылды

ERNUR.KZ. Мәжіліс депутаттары үкіметтен тұрғын үйден мәжбүрлеп шығаруға мораторий енгізу мүмкіндігін қарастыруды сұрады, деп жазады sputnik.kz.

Депутаттың айтуынша, бүгінде елде адамдарды жалғыз баспанасынан мәжбүрлеп шығару проблемасы өзекті болып тұр.

"Пәтерден мәжбүрлеп шығару жағдайлары мүлде әртүрлі. Олар тұрғын үйді мемлекеттің қажеттілігіне алумен де байланысты. Баспана орнына ұсынылатын төлемдер үй бағасына сәйкес келмейді. Азаматтарға әкімшілік қысым көрсетіледі, су мен жарықты өшіріп тастап, адамгершілікке жатпайтын әрекеттер жасайды. Ақыр соңында үй иесі баспанасын тастап кетуге мәжбүр болады", - деді депутат.

Айтуынша, банкке қарызы болғаны үшін де пәтерінен шығарып жатады. Ал пандемия кезінде көптеген салада шектеу енгізілуіне байланысты адамдар жұмыссыз қалды, жалақысы азайды.

Алайда банк күтпейді, қарыз алушыға жәрдемдеспейді, форс-мажорларды ескермейді, тек кредиттің үстіне пайыз бен айыппұл қосады.

Смирнова үйден мәжбүрлеп шығару адам құқығын өрескел бұзу екенін атап өтті.

"Халық партиясы қандай себеп болмасын, қай жерде және кім болсын, пандемия кезінде және одан кейін мәжбүрлеп шығаруды тоқтатуды талап етеді. Осындай күрделі уақытта мәжбүрлеп шығаруға мораторий енгізуді ұсынамыз", - деді депутат.

Сонымен қатар ол ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасын кемінде бір жылға ұзарту қажет деп санайды.