Бастауыш сынып оқушылары энтеробиозға тексерілуі керек

0
736


Бастауыш сынып оқушылары энтеробиозға тексерілуі керек

иллюстрациялық фото

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті білім беру ұйымдарының бастауыш сынып оқушыларын энтеробиозға тексеруге қатысты келесіні мәлімдейді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 мамырдағы № ҚР ДСМ-44 бұйрығымен бекітілген «Паразиттік аурулардың алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының талаптарына сәйкес жазғы демалыстан кейін энтеробиозға тексерілуге тек эпидемиологиялық (энтеробиозбен сырқат науқаспен қарым-қатынаста болған) және клиникалық көрсеткіш (энтеробиозды жоққа шығармайтын ауру белгілерінің болуы) бойынша оқушылар жатады.