Басы жарылған: Қызылордалық келіншекті күйеуі алты баласымен үйінен қуып шыққан

0
1 566

Даудың басы телефоннан басталды, дейді көпбалалы ана.


Басы жарылған: Қызылордалық келіншекті күйеуі алты баласымен үйінен қуып шыққан

Иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Қызылордалық келіншек араша сұрады. Көпбалала ана 40 күннен бері шаһардағы дағдарыс орталығын паналап жатыр. Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры, білдей бір шаңырақтың түтінін түтетіп отырған отанасының өз үйі өлең төсегінен қуылуына себеп – телефон, деп хабарлайды ERNUR.KZ Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Мәселе телефонда ғана болса, бұл неғылған трагедия дерсің. Түйткілдің төркіні әлеуметтік себепте болса керек. Ұрып соғу, тілдеу, қорлау. Келін емес, күң болып, қорғансыздың күнін кешкен келіншектің есімі – Ләззат Әбенова. Бұндай жайттар елімізде жүздеп, бәлки мыңдап саналады. Бір отбасының тағдыры мың отбасыға сабақ болсын.

Бізде күнде қырғын, күнде айқай-шу! Оң қолым да сынды, аяғым да сынды. Соңғы рет басымды жарды, - дейді көпбалалы ана Ләззат Әбенова.

Даудың басы бұ жолы телефоннан басталған.

Қызға телефон алып берейік дедім, сабақ онлайн болды ғой, содан басталды ғой қырғын. Енеміз алмайсыңдар дейді, біз аламыз дейміз. Сонымен қырғынның аяғы шығыңдар үйден деді ғой, - дейді көпбалалы ана.


Осыдан кейін Ләззат 6 баланы құшағына басып, үйінен кеткен.Оның айтуынша, енесі ұлына басқа әйел алып беретінін айтқан.


"Сенің қатының өз білгенін істеп жүр, шамаң келмейді, сен кет, мен басқа қатын әперемін дейді", - деді көпбалалы ана.


Енесі ұлын әйеліне қарсы қояды. Екі оттың ортасында қалған азаматы анасының айтқанынан шыға алмайтын көрінеді.


"Жаздай сол күріш ектік, огород ектік, сол жақта жүреміз ғой, күннің ыстығы демейміз. Огородтан ана жақтан қаппен мына балалар тасиды бері қарай. Соны әкеліп трассада сатамыз. Әкелеміз мына балам бірдеңе сірдеңе алайқы дейді, мама әперші дейді. Мен сол алмаймын ғой, бермеймін бұған. Сөйтіп әкелеміз де енемізге береміз", - деді ол


Анасының жылағаны қай балаға жақсын. Бірге еңіреп, көз жастарын көл етті.

"Біздің мамамызды күнде ұрады. Самокатпен ұрады, ішіп келіп, күнде айқайлап, төбелеседі. Сендерге қол көтере ме? иә! Неге? 0646 білмеймін, ішіп келіп ұрады бәрімізді. Мамамызды талай ұрды", - деді баласы Нұрислам.

Келін емес күң болдым, не істесем де жақпадым деген Ләззаттың сөзін қайынжұрты жоққа шығарды. Айтуларынша, кетіп қалу - келіннің күндегі әдет екен.


"Бұл әйел, Ләззат деген әйел 5 жыл бұрын да осылай сотқа беріп, күйеуін сөйтіп, ажырасып кеткен болатын. Сөйтіп, 6 ай жүріп, сотқа беріп алиментін төлеп тұрған, менің інім. Сөйтіп, 6 ай жүрді де үйге келіп кірген-тұғын. Қаңғырып, қаңғырып келді, өзі үйге кірді. Ешкім қол көтерген жоқ. Ешкім қатты сөйлеген де жоқ. Нұрисламды қорқытып қойған, олар", - деді қайынбикесі Айша.


Псилог болса ересектер ерегісінен үй, үй емес дала, жапа шегетін бала болатынын айтады.


"Себебі бала дұрыс өсуі үшін, ол балада бір ғана орта болуы керек. Ол бала қорғаныста, қауіпсіз ортада болу керек. Әкесі үніме анасын, баланың өзін ұрып отыратын ортада қауіпсіз сезімі болмайды. Ол сезім болмаған жерде бала сау болып өспейді. Психикасы сау болып өспейді", - деді отбасылық психолог Серікгүл Сали.


Ал көз жасы құрғамаған балалардың жан дүниесімен 40 күннен бері дағдарыс орталығының мамандары жұмыс істеп жатыр.