"Басын темірге ұрып, елдің назарын аударды": Атырауда болған жанжалдың видеосы жарияланды

0
1 086

Полиция мен ерлі-зайыптылар арасында жанжал туындаған.


ERNUR.KZ. Полиция Атырауда вокзал маңында болған жанжалдың себебін түсіндірді, деп жазады Stan.kz.

Instagram желісінде Атыраудағы Арбатта болған жағдайдың видеосы жарияланды. Видеодан қаптаған адамдар мен полицейлерді көруге болады.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, полицейлер қоғамдық орында мас күйінде жүрген адамды ұстаған.

"Сөйлесу барысында ер адам қарсылық көрсетіп, өз денесіне жарақат салды. Әйелі сауда жасайтын дүкеннің темір жақтауына басын соғып, жанжал шығарды. Олар жаяу жүргіншілердің назарын аударды", - деді полиция.


Полицияда атап өткендей, наркологиялық тексеру кезінде ер адамның орташа мастық күйде екені, әйелінің жеңіл мастық күйде екені анықталды.

Одан бөлек ер адам мас күйінде жүргені және қоғамдық орында тәртіп бұзғаны үшін бірнеше рет әкімшілік жауапқа тартылған.

"Әйелі жазасын өтеген жерден мерзімінен бұрын шықты. Ер адамға қатысты іс сотқа жіберілді", - делінген хабарламада.