"Басынан ұрған": СҚО-да түрмеде жазасын өтеп жатқан адам мерт болды

0
445

1994 және 1976 жылғы сотталғандар арасында жанжал орын алған.


ERNUR.KZ. 9 қарашада СҚО Айыртау ауданы Новоукраинка ауылында орналасқан №51 РММ төтенше қауіпсіз мекемесінде 1994 және 1976 жылғы сотталғандар арасында жанжал орын алды, деп жазады zakon.kz.

Өзара айтыс-тартыс кезінде олардың бірі екіншісінің басына қатты соққы жасаған.

"1976 жылғы жәбірленуші Айыртау ауданындағы орталық аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды, алайда ол есін жимастан көз жұмды. Бұл факті ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігі бойынша (Кісі өлтіру) тіркелді", - деп жазады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Ұсталған адам Айыртау аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу әрекеттері қолға алынды.