​Батыс Қазақстанда киік мүйізін саудалаған браконьер ұсталды

0
1 976

өткен жылы өңірде киікті заңсыз аулау мен оның мүйізін сақтап, тасымалдауға қатысты 42 қылмыстық іс тіркелсе, биыл жыл басынан бері осындай оқиғаның саны 17-ге жетті.: «Киік мүйізін қайдан алғаны қылмыстық іс бойынша анықталып қаралып жатыр.


​Батыс Қазақстанда  киік мүйізін саудалаған браконьер ұсталды

Батыс Қазақстан облысында киік атып, оның мүйізін сатумен айналысқан браконьер қолға түсті. Казталов ауданынының ішкі істер қызметкерлері күдікті мінген көлікті Жәнібек ауданы Күйгенкөл ауылының маңында тоқтатқан, деп хабарлайды ERNUR.KZ 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Тексеру барысында оның көлігінен 68 дана киік мүйізі табылған. Қазір қылмыстық іс қозғалып, келген шығын анықталып жатыр. Айта кетейік, өткен жылы өңірде киікті заңсыз аулау мен оның мүйізін сақтап, тасымалдауға қатысты 42 қылмыстық іс тіркелсе, биыл жыл басынан бері осындай оқиғаның саны 17-ге жетті.: «Киік мүйізін қайдан алғаны қылмыстық іс бойынша анықталып қаралып жатыр. «Охотзоопром» мемлекеттік инспекторлары үшін бүгінгі таңда бірінші тоқсанда он төртінші қылмыстық іс болып тұр», - Дархан Саматов, «Охотзоопром» РМК Орал өңірлік филиалының басшысы.