Батыс Қазақстан облысында екі басты бұзау туды

0
837

Мамандар мұндай ауытқушылықпен туған төлдің ғұмыры ұзаққа созылмайтынын айтады.


Батыс Қазақстан облысында екі басты бұзау туды

Батыс Қазақстан облысындағы Қосарал ауылында екі басты бұзау туды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Astana арнасына сілтеме жасап.

Мал иесі бірнеше күн бұрын туған бұзаудың басқа төлдерден ерекше екенін байқаған. Оның екі басы бар, бір-біріне жабысып қалған.
Төлдің екі маңдайы, екі танауы бар. Екі басты бұзау ауылды да дүрліктірді. Бірақ елді шулатқан бұзау бір күн бұрын өліп қалған.
Мамандар мұндай ауытқушылықпен туған төлдің ғұмыры ұзаққа созылмайтынын айтады.