Батыс Қазақстан облысында санитарлық бекеттер қойылады

0
669

​Коронавирусқа қарсы шаралар 10-23 қараша аралығында Батыс Қазақстан облысының бүкіл аумағында енгізіледі.


Батыс Қазақстан облысында санитарлық бекеттер қойылады

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысының бас санитар дәрігері өңірде эпидемияға қарсы жаңа шараларды енгізуге өкім етті, деп жазады sputniknews.kz.

Атап айтқанда, демалыс күндері (сенбі, жексенбі) эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу үшін Орал қаласының периметрі бойынша және Батыс Қазақстан облысының аудандарында санитарлық бекеттер қою тапсырылды.

Шектеу шараларының режимі мен уақыты өңірде COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуына қатысты жағдай өзгерсе, қайта қаралуы мүмкін.

Тұрғындар үшін бұрынғыдай сағат 23:00-ден 6:00-ге дейін үйден шығуға тыйым салынады. Полиция қызметкерлеріне, жедел жәрдем дәрігерлеріне, өрт сөндірушілерге және елді мекеннің тіршілігін қамтамасыз ететін басқа да ұйымдардың қызметкерлеріне жүріп-тұруға рұқсат етіледі.


Блок бекеттерден кім өте алады

Санитар дәрігердің қаулысымен бірқатар санаттағы азаматтарды қоспағанда, тұрғындардың облыс және Орал қаласының аумағына кіруіне/шығуына тыйым салынады.


Блок бекеттер арқылы өтуге рұқсат алатындардың тізімі:

  • халықтың тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдардың қызметкерлері;
  • медициналық себептер бойынша шығатын және кіретін адамдар;
  • карантиндік ауруханаларда емделіп жатқан және бақылауға алынған адамдар;
  • транзиттік жолаушылар мен жүк тасымалдаушылар;
  • вахта жұмысшыларын тасымалдайтын көлік құралдары;
  • күзгі дала жұмыстарына, табиғат қорғау, ветеринарлық, ауыл шаруашылығы, жол жөндеу жұмыстарына, апаттан құтқару қызметіне, бірінші қажеттіліктегі тауарларды, азық-түлікті, дәрі-дәрмектерді, қатты, сұйық отын және жанар-жағармай жеткізуге тартылған көлік пен адамдар: олар растайтын құжаттарды көрсетуі керек (мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, қызметкерлер үшін – жұмыс орнынан мөрмен расталған анықтама);
  • тұрақты тұрғылықты жеріне оралатын адамдар және саяжай үйлеріне бару үшін құқық белгілейтін құжаттарды көрсеткен кезде өңір тұрғындары (бір отбасы мүшелері);
  • жақын туысы (әкесі, шешесі, ағасы, әпкесі, балалары) қайтыс болған тұрғындар;
  • жұмыс берушінің мөрімен расталған анықтама болған жағдайда үйден жұмысқа барып-келуге болады.