Батыс Қазақстан облысында жас мұғалім өз-өзіне қол салды

0
526

Туыстары Назымды мұндай қадамға әріптестері итермеледі деп санайды.


Батыс Қазақстан облысында жас мұғалім өз-өзіне қол салды

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданындағы Сайқұдық ауылында 22 жастағы мектеп мұғалімі өз-өзіне қол салған, деп жазады exk.kz.

Басылымның мәліметінше, мұғалім Назым Өмірзақова 17 қаңтарда асылып қалған. Оның мәйітін тәтесі тауып алыпты. Туыстары Назымды мұндай қадамға әріптестері итермеледі деп санайды.

"Назым педагогикалық колледжді бітіріп, бірден ауылдағы мектептің бастауыш сыныбына мұғалім болды. Бірақ басшылықпен қарым-қатынасы жақсармады. Директордың орынбасары ескерту жасап, әріптестері дөрекілік көрсетіп жүрді", - дейді марқұмның туыс ағасы Бекбол Мырзабаев.

Оның айтуынша, тепті "айлығыңды кесеміз, басқа жерге кіре алмайтындай етіп жұмыстан шығарамыз" деп қорқытқан. Желтоқсан айының ортасында декреттегі әйелді шақырып алып, Назымның сағатын қысқартыпты. Өйткені ол сол әйелдің орнында еңбек еткен.

"16 қаңтарда таңертең қарындасым үйден оқитын шәкіртінің үйіне барды. Ал түстен кейін жұмысқа шыққан жоқ. Ертесінде таңғы 8:00-де мен жұмысқа кеттім, ол ұйықтап жатты. Арада 15-20 минут өткенде қорадан денесі табылды. Ешқандай хат жазбаған", - дейді ағасы.

Бекбол Мырзабаевтың айтуынша, Назымның ата-анасы басқа ауылда тұрады. Қарындасының мұндай қадамға баруына әріптестері себеп болған деп күдіктенеді.

"Әрине, оның қателіктері болған шығар. Бірақ жас маман. Үйренісіп кетер еді. Ешкімді айыптамаймын, алайда күдігім бар. Біз сотқа дейін тергеу аяқталып, іс жабылып қала ма деп қорқамыз", - дейді Бекбол.