Батыс Қазақстан облысының әкімі бірінші орынбасарын жұмыстан қуды

0
531


Батыс Қазақстан облысының әкімі бірінші орынбасарын жұмыстан қуды

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Астанадан ауысып келген орынбасарын қызметінен босатты, деп жазады sputnik.kz.

Облыс әкімдігі ұсынған ақпаратқа сәйкес, әкімнің бірінші орынбасары Ержан Балтаев "Қазақстан заңдарында белгіленген шектеулер мен міндеттерді сақтамағаны үшін" жұмыстан шығарылды. Ал нақты себебі айтылмады.
Балтаев биыл қаңтар айында өз қызметіне кіріскен болатын. Ол құрылыс, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, өнеркәсіп, автомобиль жолдары және көлік инфрақұрылымы мәселелерімен айналысқан.
Ержан Балтаев еңбек жолын Астанадағы жылжымайтын мүлік орталығында бастаған. Одан кейін жекеменшік компанияларды заңгер болып істеді. БҰҰ Даму бағдарламасы бойынша ұлттық менеджер болды. "Орал" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясын басқарды.
Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметіне дейін Астанадағы инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының жетекшісі болды.
Айта кетері, 24 шілдеде әлеуметтік желіде Балтаевтың ұсталғаны туралы ақпарат тараған. Бірақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ол мәліметте жоққа шығарды.