Батыс Қазақстан облысының тұрғындарына су басу қаупі болуы мүмкін екені ескертілді

0
516

2-4 сәуір күндері аралығында Батыс Қазақстан облысында температураның + 15, + 20 градусқа дейін көтеріледі.


Батыс Қазақстан облысының тұрғындарына су басу қаупі болуы мүмкін екені ескертілді

Батыс Қазақстан облысының тұрғындарына су басу қаупі болуы мүмкін екені ескертілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары!

2024 жылғы 2-4 сәуір күндері аралығында Батыс Қазақстан облысында температураның + 15, + 20 градусқа дейін көтерілуіне, сондай-ақ өзен арналары еріген сумен толуына байланысты өзендердегі су деңгейінің көтерілуі, қауіпті белгілердің артуы күтіледі. Бұл ретте ағынның арнасынан шығуы мен су басу қаупі болуы мүмкін", - делінген Батыс Қазақстан облысы әкімдігі хабарламасында.