Батыс Қазақстанда 100-ден астам мал тірідей өртеніп кетті

0
1 186

Өрт қасақана от қойылған болуы мүмкін.


Батыс Қазақстанда 100-ден астам мал тірідей өртеніп кетті

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында 100 бастан астам мал өртте жанып кетті, деп жазады ҚазАқпарат.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 24 тамыз күні сағат 03.12-де Жаңақала ауданы Пятимар ауылдық округі Құспан қыстағында орын алды. Шаруашылық құрылысы (210 шаршы метр) мен пішен қорасы (2450 шаршы метр) өртеніп, 162 тонна шөп (650 орама), сондай-ақ 100 бас уақ мал және 8 бас ірі қара жанып кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, қасақана от қойылған. Өрт екі қызметкер, 1 техниканың күшімен сағат 09.00-де сөндірілген.

Тағы бір өрт сағат 23.16-да Бәйтерек ауданы Достық ауылдық округінде «При Чагане» мен «Барс и К» ЖШС аумақтарында болды. Мұнда 200 тонна (800 орама) шөп отқа оранған. Өрттің бүгін сағат 07.20-да беті қайтып, 08.51-де ауыздықталған. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына жеке құрамнан 6 адам, 2 техника, аудандық полиция бөлімінен 2 қызметкер, 1 техника барған. Қазіргі кезде аталған оқиғалардың жай-жапсары анықталу үстінде.