Батыс Қазақстанда 11-ден астам елді мекенге су басу қаупі төніп тұр

0
370

ТЖ министрі екі тәулік бойы әр ауылды аралап, үйінді бөгеттердің жай-күйін тексерді.


Батыс Қазақстанда 11-ден астам елді мекенге су басу қаупі төніп тұр

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысының 11-ден астам елді мекені Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты су басу қаупі бар аймақта орналасқан, деп жазады sputnik.kz.

Осыған байланысты ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов өңірде екі тәулік бойы әр ауылды аралап, үйінді бөгеттердің жай-күйін тексерді. Ведомство басшысы күні бойы Бөрлі, Январцево, Рубежинское, Озерное, Володарское, Байқоныс, Жайық және тағы басқа ауылдарда болды.
Су тасқыны кезеңі басталғаннан бері өңірде 100 шақырымнан астам қорғаныс жер бөгеттері салынған.
Сондай-ақ Оралда құтқарушылар мен тартылған күштер "Екінші саяжай" ауданында қалған тұрғындарды эвакуациялады.