Батыс Қазақстанда ағайынды екі жігіт суға батып кетті

0
884

Сүңгуірлер 31 және 19 жастағы ер адамдардың мәйітін тапты.


Батыс Қазақстанда ағайынды екі жігіт суға батып кетті

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында ағайынды жігіттер Жайық өзеніне батып кетті, деп жазады Sputnik.kz.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 шілдеде құтқарушыларға Меловые горки маңында екі ер адамның суға батып кеткені туралы хабарлама түскен.
Сүңгуірлер 31 және 19 жастағы ер адамдардың мәйітін тапты.
Суға батқандар ағайынды болған, деп хабарлайды "Мой город" порталы.