Батыс Қазақстанда қатты желден колледж ғимаратының шатыры ұшып кетті

0
917

Жергілікті атқарушы органның арнайы комиссиясы келтірілген шығын көлемін анықтау үстінде.


Батыс Қазақстанда қатты желден колледж ғимаратының шатыры ұшып кетті

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында күшті желден колледж ғимаратының шатыры ұшып кетті, деп жазады inform.kz

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 26 желтоқсан күні сағат 09.30-да Ақжайық ауданы орталығы Чапаев ауылында болды. Екпіні секундына 18 метрге дейін жеткен желдің салдарынан Ақжайық аграрлық-техникалық колледжі орналасқан 1 қабатты ғимараттың 150 шаршы метр шатыры құлап түскен. Ғимараттың жалпы ауданы - 763,5 шаршы метр. Зардап шеккендер жоқ. Жергілікті атқарушы органның арнайы комиссиясы келтірілген шығын көлемін анықтау үстінде.

Аталмыш ғимарат 1977 жылы салынып, 2007 жылы күрделі жөндеуден өткізілген.