Батыс Қазақстанда киік етінің келісі 1200 теңгеден саудаланып жатыр

0
393

Нариман Төреғалиевтің айтуынша, облыста 10 мыңнан астам киік ауланған.


Батыс Қазақстанда киік етінің келісі 1200 теңгеден саудаланып жатыр
ERNUR.KZ. Батыс Қазақстанда киік етінің келісі 1200 теңгеден сатылуда. Алайда соған қарамастан сұраныс аз. Бұл туралы өңір әкімі Нариман Төреғалиев айтты, деп жазады Stan.kz.


Нариман Төреғалиевтің айтуынша, облыста 10 мыңнан астам киік ауланған.

"Бізде киік саны 1 млн 300 мыңға жетті. Ғалымдардың пайымдауынша, бір киікке бір жылға 15 гектар жер керек екен. Сонда 1 миллион киікке 15 миллион гектар жер керек екенін естен шығармаған жөн”, – деді Нариман Төреғалиев ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Облыс әкімі БАҚ өкілінің "киік еті сатылған соң, ірі қара малдың етіне сұраныс азая ма?",- деген сауалына да жауап берді. Оның айтуынша киік етін кез келген адам алмайды.

“Бұрын киіктің етін жеп қалған Кеңес Одағы кезіндегі адамдар болмаса, көбі жеп жатқан жоқ. Бағасы не бәрі 1200 тг болса да, сұраныс жоғары емес”, – дейді Нариман Төреғалиев.

Еске салайық, бұған дейін Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің киік етіне қатысты шыққан даулы мәселеге жауап бергенін жазған едік.

Сондай-ақ, Қазақстанда атылған киіктердің еті сатылымға шығарылғаны туралы да хабарлаған едік. Қазір Қазақстан бойынша 7 комбинат ақбөкен етін сатумен айналысып жатыр. Ауыл шаруашылығы министрлігі киік етін тек ел аумағында сатуға рұқсат деп отыр.