Батыс Қазақстанда трактор аударылып, 2 адам жарақат алды

0
815

Трактор аударылған кезде ер адамның аяқтары қыстырылып қалған.


Батыс Қазақстанда трактор аударылып, 2 адам жарақат алды

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында трактор аударылып, екі адам жарақат алды, деп жазады ҚазАқпарат.

Оқиға бүгін Тасқала ауданында болған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жедел жәрдем сағат 09.35-те шақырылды.

Трактор аударылған кезде 1982 жылғы ер адамның аяқтары қыстырылып қалған. Оны ТЖ қызметкерлері шығарып алғаннан кейін алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Содан кейін облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.

Екінші зардап шеккен 1980 жылғы ер адамның алдын ала мәлімет бойынша қос қабырғасы сынған. Ол Тасқала аудандық ауруханасына жеткізілді.

Қазіргі оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.