Батыс Қазақстанда уақытша салынған жолды су шайып кетті

0
932

Оқиға 6 қаңтар күні Бәйтерек ауданы аумағында болды.


Батыс Қазақстанда уақытша салынған жолды су шайып кетті

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында уақытша салынған жолды су шайып кетті, деп жазады Kazinform.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 6 қаңтар күні Бәйтерек ауданы аумағында болды.

Батыс Қазақстан
Фото: БҚО ТЖД
«Аудан орталығы Переметный ауылы жанында Деркөл өзенінде жөнделіп жатқан көпірдің қасында уақытша үйінді жол шайылды. Аталған жол өзен арқылы өту үшін салынған. Ауылды су басу қаупі жоқ. Жақын жерде Зеленый ауылы арқылы өтетін айналма жол бар. Өмір сүру жағдайлары бұзылған жоқ. Су деңгейі төмендеген соң қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Аудан тұрғындарын тыныштық сақтап, дүрбелеңге түспеуін сұраймыз», - деп хабарлады ведомстводан.