Баянауылда орман өртінен келген шығын 95 млн теңгені құрады

0
1 400

Орман өрті 13 күннен кейін ғана өшірілді.


Баянауылда орман өртінен келген шығын 95 млн теңгені құрады

ERNUR.KZ. Павлодар облысында Баянауылда өрт 14 шілдеде басталып, тек 13 күннен кейін ғана ауыздықталған болатын. 71,1 гектар алқапты жалын шарпыған, келтірілген шығын 95 млн теңгені құрады деп жазады Елорда Инфо.

Өртенген 71,1 гектардың 55,8 гектары орман алқабы. Әзірге өрттің себебі анықталған жоқ.

«Бақылаушы-ұшқыш өрт шыққан аумақты әуеден бақылап ұшып жүргенде адамдарды көрген. Біреулер темекі тұқылын өшірмей тастауы мүмкін немесе балалар шырпы жағып ойнауы мүмкін. Ресми түрде өрттің себебі және кінәлі тұлғалар анықталмаған», - деді облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы бас маманы Ш.Елубаев.

Инспекция мамандары орман өртінен жан-жануарлардың қырылғанын жоққа шығарды.