Баянауылда зейнеткер таудан құлап кеткен

0
451

Оны ТЖД қызметкерлері құтқарды.


Баянауылда зейнеткер таудан құлап кеткен

ERNUR.KZ. Баянауылда таудан құлаған зейнеткер құтқарылды. 1958 жылы туған азамат Баянауыл орталық ауруханасына жеткізілді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 маусымда сағат 21:36-да Жасыбай демалыс аймағында тауда ер адам аяғын сындырып, түсе алмай қалғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына альпинистік жабдықтары бар бес құтқарушы мен бір техника, кинолог шықты.

«Құтқарушылар ес-түссіз жатқан адамды анықтады. Ол таудан, биіктіктен құлаған. Оны көрген демалушылар құтқарушыларға хабарлады», – деді департаментте.

Ер адамның миы шайқалып, іші жарақаттанған.

Павлодар облысы ТЖД, жедел әрекет ету арнайы жасағының қызметкерлері мен жол-патрульдік қызметінің учаскелік инспекторлары мамандандырылған зембілдерді пайдалану арқылы 200 метр биіктіктен зардап шегушіні жерге түсіріп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.