МӘМС-ті 2019 жылы енгізу мәселесі сөз болды

0
1 774

2019 жылы мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыруды енгiзу, денсаулық сақтаудың бiрыңғай ақпараттық кеңiстiгiн құру, бәсекелестiктi және жеке медицинаны, дәрi-дәрмек нарығын дамыту, сондай-ақ медициналық туризм және импортты алмастыру салаларын жетілдіру жөнiндегi жұмыстарды қамтиды.


МӘМС-ті 2019 жылы енгізу мәселесі сөз болды

фото: primeminister.kz.

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев денсаулық сақтау саласында 2018 жылға арналған мақсатты индикаторларға қол жеткізу мәселесі бойынша кеңес өткізді,-деп хабарлайды primeminister.kz.

Кеңес барысында денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов 2018 жылға арнап әзірленген денсаулық сақтау саласын жаңғырту бастамаларының егжей-тегжейлі жоспарын ұсынды. Ол 2019 жылы мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыруды енгiзу, денсаулық сақтаудың бiрыңғай ақпараттық кеңiстiгiн құру, бәсекелестiктi және жеке медицинаны, дәрi-дәрмек нарығын дамыту, сондай-ақ медициналық туризм және импортты алмастыру салаларын жетілдіру жөнiндегi жұмыстарды қамтиды.