Бейбіт Шүменовтің әйелі Астанадағы төбелеске қатысты АҚШ елшілігіне жүгінгенін айтты

0
679

Бейбіт Шүменов – танымал қазақстандық кәсіпқой боксшы.


Бейбіт Шүменовтің әйелі Астанадағы төбелеске қатысты АҚШ елшілігіне жүгінгенін айтты

ERNUR.KZ. Астанада сауда орталығындағы төбелеске қатысты оқиға тағы жалғасты. Бейбіт Шүменовке қатысты сын толқынынан кейін оның әйелі АҚШ елшілігіне жүгінген, деп жазады tengrinews.kz.

Белгілі қазақстандық боксшының әйелі Кэридің (АҚШ азаматы) редакцияға айтуы бойынша, Бейбіт Шүменов өзін қорғау мүддесінде ғана әрекет еткен. Кэри "жанжалды ушықтырмас үшін, бала көтерген ер адамнан кетуді өтінгенін" айтты.

"Мен кетуін сұрап, бірнеше рет айғайладым... Бейбіт ол кісі ұстаған баланы бірде-бір рет ұрған жоқ", - деп жалғастырды ол.Кэридің айтуынша, ол "АҚШ-тағы ресми өкілдерден көмек сұрауға мәжбүр" болған. Ол Қазақстанның мемлекеттік органдарын "әрекет жасамады" және "деректерді елемеді" деп айыптады.

Бұл ретте Кэри оқиға болған күні бөлімшедегі полиция қызметкерлері оған сыпайылық танытып, кәсіби түрде әрекет еткенін атап өтті. Бірақ содан кейін "органдар тарапынан немқұрайлық" пайда болғанын айтқан.

Кэри ойын алаңында баласын басқа бала ұрып, жанжалдың екінші қатысушысы Шүменовке пышақ ала ұмтылды, кейінірек сынған бөтелкемен шабуыл жасады деп санайды. Әйел төбелес кезінде жарақат алғанын, ал күйеуі өзін қорғағанын айтады.

Еске салайық, бұған дейін Астанадағы ірі сауда және ойын-сауық орталығының фудкортында төбелес болып, қолында кішкентай баласы бар адамға екінші ер адам шабуыл жасағаны хабарланған еді.

Telegram-арналардың бірінің мәліметінше, төбелеске қатысушылардың бірі - қазақстандық кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов.

Кейінірек полиция осы жағдайға қатысты пікір білдірді. Ал ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сұнтаев Астанадағы кафеде ер адаммен төбелескен адам боксшы Бейбіт Шүменов екенін растады.

Кейінірек Бейбіт Шүменов оқиғаға қатысты пікір білдіріп, қалай болғанын айтып берді.

Айта кетейік, Бейбіт Шүменов – танымал қазақстандық кәсіпқой боксшы. Мансабын 2007 жылы бастаған. 19 жекпе-жек өткізіп, 17-де жеңіске жеткен. 2 кездесуінде қарсыласына есе жіберген. 2017 жылы жарақатына байланысты мансабын аяқтаған.