Бейтаныс жасөспірімге бәліш сатып алып берген елордалық 122 мың теңгесінен айырылды

0
512

14 жастағы жасөспірім көшеде бейтаныс адамға жақындап, одан бәліш сатып алып беруін өтінген.


Бейтаныс жасөспірімге бәліш сатып алып берген елордалық 122 мың теңгесінен айырылды

ERNUR.KZ. Астанада ер адам бейтаныс жасөспірімге алданды, деп жазады tengrinews.kz.

14 жастағы жасөспірім кешке көшеде бейтаныс адамға жақындап, одан бәліш сатып алып беруін өтінген. Бәлішті сатып алу кезінде жеткіншек ер адамның банк қосымшасына кіру паролін көріп алады. Кейін танысыма хабарласып алайын деген желеумен ер адамның телефонын сұрап алып, досына 122 мың теңге аударған.

Астана ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, ақшаны аударған соң ол телефонды иесіне қайтарып берген. Ер адам ақшаның жоғалғанын келесі күні ғана біліп, полицияға хабарласқан.

"Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдікті ұсталды. Бала ақшаны алып, жұмсап үлгерген. Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр, оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр", - делінген хабарламада.

Жасөспірім өзінің кінәсін мойындады. Ювеналды полиция қызметкерлері оны ерекше бақылауға алды.