Bek Air апатынан зардап шеккендерге шұғыл қан доноры қажет

0
709

​Қазақстанның бала құқығы жөніндегі омбудсмені Аружан Саин халықтан көмек сұрады.


Bek Air апатынан зардап шеккендерге шұғыл қан доноры қажет

ERNUR.KZ. Алматы маңындағы ұшақ апатынан зардап шеккендерге шұғыл түрде қан тапсыратын донорлар керек, деп жазады sputniknews.kz.

Бұл туралы Қазақстанның бала құқығы жөніндегі омбудсмені Аружан Саин айтты.

Оның мәліметінше, ұшақ апатынан зардап шеккен адамдарға барлық қан тобының донорлары шұғыл түрде қажет.

"Құрметті алматылықтар! Ұшақ апатына байланысты шұғыл түрде барлық қан тобының донорлары керек", - деп жазды ол.

Қанды қайда тапсыруға болады?

Алматыдағы қан орталығы: мекен-жайы: Бұқар Жырау көшесі, 47 үй. Телефоны: 274-31-99,

Алматы облысындағы қан орталығы: мекен-жайы: Қаскелең қаласы, Абылай хан көшесі, 42 үй. Телефоны: +7 (72771) 2 28 04.

Кімдер қан тапсыра алмайды?

Төмендегі дертке шалдыққан адамдар донор бола алмайды:
1. гепатит;
2. бруцеллез;
3. сифилис;
4. Жүрек ақауы, бронхиалды астма, ВИЧ (АИТВ) дертіне шалдыққандар, есірткі тұтынушылар мен ішімдікке тәуелді адамдар.