Bek Air басшысы билет ақшасын қашан қайтаратындарын айтты

0
724

Бүгін авиакомпанияның Instagram-дағы парақшасында "техникалық қиындықтарға байланысты ақшаны қайтару мүмкін болмай жатқандығы" айтылған.


Bek Air басшысы билет ақшасын қашан қайтаратындарын айтты

ERNUR.KZ. Bek Air компаниясының басшысы Нұрлан Жұмасұлтанов жолаушыларға сатып алынған билеттердің ақшасын қашан қайтаратынын айтты, деп жазады zakon.kz.

"Оператордың сертификаты қалпына келтірілгенде, билет сату жүйесі іске қосылады, сол кезде біз кім билет сатып алды, кім оны ауыстырған, кім қайта өткізген – осындай тағы басқа мәліметтердің барлығын көре аламыз. Ал қазір түк көріп отырғанымыз жоқ. Апаттан кейінгі алғашқы күндердегідей алаяқтыққа жол бермес үшін де қазір біз ешнәрсеге қарамай ақшаны қайтара алмаймыз", - деді Жұмасұлтанов.

Бүгін авиакомпанияның Instagram-дағы парақшасында "техникалық қиындықтарға байланысты ақшаны қайтару мүмкін болмай жатқандығы" айтылған. "Бірақ ақша міндетті түрде қайтарылады" деп хабарлады олар.

Ақшаны толығымен қайтарып алу үшін оны билетті сатып алған жерге хабарласу керек. Ал егер билеттер әуекомпанияның веб-сайты арқылы сатып алынған болса, онда ақшаны қайтару жөнінде callcenter@bekair.aero электрондық поштасына сұраныс жіберу керек.