Bek Air компаниясының құрылтайшысы кім екені анықталды

0
902

Bek Air әуе компаниясының жалғыз құрылтайшысы - Нұрлан Жұмасұлтанов.


Bek Air компаниясының құрылтайшысы кім екені анықталды

ERNUR.KZ. ИИҚМ өкілдері орталық коммуникация қызметінде өткен брифинг кезінде Bek Air компаниясының құрылтайшысы кім екенін мәлімдеді. Анықталғандай, бұл ұшақтары IOSA сертифкаттарынсыз ұшып жүрген бірден-бір жалғыз компания болып шыққан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Берік Камалиев ОҚК-де өткен брифинг барысында Bek Air әуекомпаниясы құрылтайшыларының бірі Нұрлан Жұмасұлтанов екенін хабарлады.

"Біз құрылтайшылардың бірі Жұмасұлтанов пен тағы жеке тұлғалар екенін білеміз. Құрылтайшылар ауысып отырған болуы мүмкін. Мәліметтерді кейінірек хабарлай аламыз" , - деді Камалиев.
Оған қоса, ол Жұмасұлтанов әуекомпаниясының жалғыз құрылтайшысы екенін жеткізді.
Атап өту керек, брифинг барысында күні кеше Алматыда ұшағы апатты жағдайға ұшыраған әуекомпаниясының өкілдері болған жоқ.
Брифингке тек өзге әуетасымалдағыш мекемелердің өкілдері ғана қатысты. Олардың қатарында Scat и Аir Astana бар. Олар жанжалға қалған әуекомпаниясының орнына жолаушыларға билеттерін қалай ауыстырып, қажетті жеріне қалай жете алатынын түсіндіріп берді.
Камалиев журналистердің Bek Air қызметкерлеріне қатысты сауалына жауап беріп, олардың қазіргі таңда әуежайда адамдарға тиісті жерлеріне ұшып кету мен билет үшін ақшасын қайтарып алуға көмектесіп жатқанын жеткізді.
"Компания өтемақыға қатысты ойын жария етпегенімен келісемін. Бірақ, меніңше, компания билеттерды қайтарудан бөлек, материалдық көмек көрсету керек деген тәжірибеде болу керек. Мен мұны компания құрылтайшыларының азаматтық борышы деп білемін" , - деді Каммалиев.
Сонымен қатар, ол бұл әуекомпаниясының ұшақтары не себепті IOSA сертификатынсыз ұшып жүргенін де түсіндірді.
"2015 жылы ұшақтардың әшкі коммерциялық тұрақты рейстерді іске асыруы үшін IOSA сертификаты болу керек деген ереже енгізілген болатын. Алайда, мұны талқылау барысында ИИҚМ-ға көптеген бизнес-қоғам мүшелері, халық және "Атамекен" КҰП тарапынан ұсыныстар түсты. Олардың барлығы дерлік нарыққа көбісінің қолы жетпейтінін айтқан.
Мүны және әуе тасымалы нарығының бәсекелестігін қорғауды ескере отырып, табиғи монополияларды қорғау комитетімен талап ережелерінен аталмыш сертификаттың қажеттілігін ала тұру шешімі қабылданған. Сол себепті ол әзірге өосылмады. Ал халықаралық тасымалдар үшін IOSA сертификаты міндетті түрде қажет. Яғни, Bek Air компаниясының халықаралық тасымалға рұқсаты болмаған" , - деді ол.