Bek Air ұшағының екінші ұшқышы қайтыс болды

0
1 181

Ауруханадан таяуда шығарылған болатын.


Bek Air ұшағының екінші ұшқышы қайтыс болды

ERNUR.KZ. Bek Air әуекомпаниясының апатқа ұшыраған ұшағының екінші пилоты қайтыс болды, деп жазады tengrinews.kz.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша, ер адам екі сағат бұрын үйінде қайтыс болған. Ауруханадан таяуда шығарылған. Алайда мән-жайы айтылмай отыр.

Еске салайық, 5 қаңтарда екінші пилоттың ес жиғаны және жансақтау бөлімінен профиль бөліміне ауыстырылғаны хабарланған.

Еске салайық, 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшып шыққан Bek Air ұшағы апатқа ұшыраған. Лайнер Алматы әуежайына жақын жерде үйге соғылған. Бортта 93 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған. Апат салдарынан жалпы 13 адам қаза тапты.