Бекшин Зайсандағы жағдайға қатысты түсінік берді

0
677

Біз профилактикалық алдын-алу шараларын жоспарлаған кезде әрқашан қиын жағдайға дайын болуды қарастырамыз. Өйткені бұл - ауамен берілетін жұқпалы процесс. Біз таңдаған тактика осындай енді.


Бекшин Зайсандағы жағдайға қатысты түсінік берді

ERNUR.KZ. Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысында коронавируспен ауыратын немесе коронавирус белгілері бар азаматтар жоқ, деп хабарлады еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында, деп жазады zakon.kz.

Зайсанға келсек, ауру тұр ғой, сол індеттің белгілері бар ешкім тіркелмеген. Біз профилактикалық алдын-алу шараларын жоспарлаған кезде әрқашан қиын жағдайға дайын болуды қарастырамыз. Өйткені бұл - ауамен берілетін жұқпалы процесс. Біз таңдаған тактика осындай енді. Сондықтан, бүгінгі күні Шығыс Қазақстан облысында бірде-бір науқас түгілі, ол дерттің белгілері бойынша күдік келтірілгендер тіркелмеген, - деді Бекшин.

20 ақпанда жергілікті халық мұндағы ауруханаға коронавирус жұқтырған науқастарды жатқызу туралы биліктің шешіміне наразылық білдіріп, көшеге шыққаннан кейін Зайсанға Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов келді. Аймақ басшысы жұртшылықты жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды. Кейін, 24 ақпанда Зайсан ауданы әкімі ауысты.