Беларусьтің «Белавиа» авиакомпаниясы Қазақстанға ұшатын рейстер санын көбейтті

0
421

Екі ел арасында аптасына 14 рейс орындалады.


Беларусьтің «Белавиа» авиакомпаниясы Қазақстанға ұшатын рейстер санын көбейтті

ERNUR.KZ. 29 сәуірден бастап Беларусьтің «Белавиа» авиакомпаниясы Минскіден Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына ұшатын халықаралық рейстердің санын арттыруды жоспарлап отыр, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Минск – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша ұшатын рейстер санын аптасына 5-тен 7-ге дейін, Минск – Алматы бағытында аптасына 3-тен 7 рейске дейін арттыру жоспарлануда. Осылайша, екі ел арасында EMB190, EMB 170, Boeing 737 әуе кемелерінде аптасына 14 рейс орындалады», - делінген ҚР ИИДМ баспасөз хабарламасында.

Барлық рейс санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес жүзеге асырылатын болады