Белгілі ақын Шөмішбай Сариев дүниеден өтті

0
2 830

​Шөмішбай Нағашыбайұлы бүгін түсте кенеттен науқастанып қайтыс болды. Ол әйелімен бірге ауруханада жатқан.


Белгілі ақын Шөмішбай Сариев дүниеден өтті

ERNUR.KZ. Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шөмішбай Сариев 75 жасына қараған шағында ауруханада қайтыс болды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Әйелімен бірге ауруханада жатқан екен. Әйелін кеше шығарыпты. Шөмішбай Нағашыбайұлы бүгін түсте кенеттен науқастанып дүниеден өтті. Арамызда жүрген кісі еді. Бірнеше күн бұрын телефон арқылы сөйлескендер бар екен. Қазір үйіне бара жатырмыз. Қаралы хабарды мемлекеттік хатшы, әкімдік өкілдері естіді", - деді Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет

Айтуынша, ақынның қазасына коронавирустың қатысы жоқ.

Шөмішбай Нағашыбайұлы Сариев 1946 жылы 15 сәуірде Қызылорда облысының Арал ауданындағы Шөміш стансасында туған.

1971 жылы ҚазМУ-дың журналистика факультетін бітірген.

1970-74 жылдары "Қазақстан" баспасында редактор, "Жұлдыз" журналында бөлім меңгерушісі, Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер болды.