Белгілі қазақстандық футболшы Сергей Гороховодацкий қайтыс болды

0
654

Гороховодацкий Қазақстанның олимпиадалық құрамасын (1995/96), жастар құрамасын (2009) және ұлттық құрамасын (1998) жаттықтырды.


Белгілі қазақстандық футболшы Сергей Гороховодацкий қайтыс болды

ERNUR.KZ. 73 жасында танымал футболшы әрі бапкер, Қазақстан футболының аңызы Сергей Гороховодацкий дүниеден озды, деп жазады Tengrinews.kz.

Ресейдің Свердловск (қазіргі Екатеринбург) қаласында дүниеге келген ойыншы "Уралмаш", "Ертісі" және "Нефтянник" командаларында ойнап, 1973 жылы Өскеменнің "Восток" командасына ауысады. Сол сәттен бастап оның тағдыры мен мансабы Қазақстанмен байланысты болып, танымал ойыншы әрі мықты бапкерге айналды.

Сонымен қатар, алматылық "Қайрат" пен Семейдің "Спартак" командасында ойнады.

Бапкерлік қызметінде қызылжарлық "Авангард", семейлік "Спартак", елордалық "Жеңіс", қарағандылық "Шахтер", қызылордалық "Қайсар" және Сәтбаев қаласының "Қазақмыс" командасын жаттықтырды. 2000 жылы елордалық командаға алғаш рет Қазақстан чемпионы атағын алып берді.

Гороховодацкий Қазақстанның олимпиадалық құрамасын (1995/96), жастар құрамасын (2009) және ұлттық құрамасын (1998) жаттықтырды.